Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на IV квартал 2023 года по области Абай
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на IV квартал 2023 года по области Абай
- Атауы (қаз.)
- Абай облысы бойынша 2023 жылғы IV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 98
- Қабылданған күні
- 22.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2023 182029_633228.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23F000098A
- ЭКБ идентификаторы
- 182029
- Редакция идентификаторы
- 182029_633228
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:52
0 Абай облысы бойынша 2023 жылғы IV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Абай облысы бойынша 2023 жылғы IV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
5 Абай облысы бойынша 2023 жылғы IV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы «22» мамырдағы
№ 98 қаулысына
қосымша
Абай облысы бойынша 2023 жылғы IV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
№
Тауар атауы
Өлшем бірлігі
IV тоқсанның бағасы
1.
Бірінші сортты бидай ұны
теңге/ килограмм
248
2.
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
теңге/ килограмм
200
3.
Рожки (өлшеніп салынатын)
теңге/ килограмм
472
4.
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
теңге/ килограмм
816
5.
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
теңге/ килограмм
545
6.
Картоп
теңге/ килограмм
173
7.
Асханалық сәбіз
теңге/ килограмм
150
8.
Басты пияз
теңге/ килограмм
126
9.
Ақ қауданды қырыққабат
теңге// килограмм
112
10.
Ақ қант – құмшекер
теңге/ килограмм
796
11.
Күнбағыс майы
теңге/литр
953
12.
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
теңге/ килограмм
2270
13.
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
теңге/ килограмм
1260
14.
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада
теңге/литр
363
15.
Майлылығы 2,5 % айран, жұмсақ қаптамада
теңге/литр
415
16.
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 %, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
теңге/ килограмм
3147
17.
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
теңге/дана
541
18.
Ac тұзы («Экстра» -дан басқа)
теңге/ килограмм
71
19.
Сүзбе: майлылығы 5-9 %
теңге/кило грамм
1682