О внесении изменений и дополнения в решение IV сессии Карагандинского областного маслихата от 29 сентября 2016 года № 86 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Карагандинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение IV сессии Карагандинского областного маслихата от 29 сентября 2016 года № 86 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Карагандинской области»
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 86 «Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 114
- Қабылданған күні
- 22.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2026 189091_814813.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23K0652409
- ЭКБ идентификаторы
- 189091
- Редакция идентификаторы
- 189091_814813
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:33
0 Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі
IV сессиясының № 86 «Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен
наградтау туралы Ережені бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 86 «Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4007 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережеде:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Мөрмен бекіту туралы талап жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты емес.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес, бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын облыс әкімі және (немесе) облыстық мәслихат төрағасы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.»;
13-тармақтың бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Төменгі бөлігінде облыс әкімінің және облыстық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.».