Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение IV cессии Каражалского городского Маслихата от 26 декабря 2007 года № 41 "Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов"

Өзге акт · № 227 · қабылданған 17.03.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/iv-c-26-2007-no-41/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение IV cессии Каражалского городского Маслихата от 26 декабря 2007 года № 41 "Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов" Қолданыста Өзге акт ·№ 227 ·17.03.2010
28.06.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение IV cессии Каражалского городского Маслихата от 26 декабря 2007 года № 41 "Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов"

Қолданыста Өзге акт ·№ 227 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение IV cессии Каражалского городского Маслихата от 26 декабря 2007 года № 41 "Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов"
Атауы (қаз.)
Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы IV сессиясының № 41 "Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
227
Қабылданған күні
17.03.2010
Көрсетілген редакция
28.06.2013 51754_174993.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KE000089
ЭКБ идентификаторы
51754
Редакция идентификаторы
51754_174993
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:46

0 Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы IV сессиясының N 41 "Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және қалалық Мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы XХIII сессиясының N 203 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:

1

1. Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы IV сессиясының "Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 41 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тiркеу Тізіміне 2008 жылғы 8 ақпанда N 8-5-50 болып тіркелген, "Қазыналы өңiр" газетiнің 2008 жылғы 16 сәуiрдегi N 7 санында жарияланған), Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 27 ақпандағы XIV сессиясының "Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы IV сессиясының N 41 "Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 123 шешімімен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тiркеу Тізіміне 2009 жылғы 19 наурызда N 8-5-67 болып тіркелген, "Қазыналы өңiр" газетiнің 2009 жылғы 28 наурыздағы N 12 санында жарияланған) және Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 16 шілдедегі XIХ сессиясының "Қаражал қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы IV сессиясының "Жергілікті өкілетті органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген топтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 172 шешімімен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тiркеу Тізіміне 2009 жылғы 7 тамызда N 8-5-76 болып тіркелген, "Қазыналы өңiр" газетiнің 2009 жылғы 8 тамыздағы N 32 санында жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтағы:

4 4) тармақшада "I және II топтардағы мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын жұмыссыздар, оның ішінде" деген сөздер алынып тасталсын;

5 5), 7) тармақшалары алынып тасталсын.

2 2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың әлеуметтiк сала және құқық қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.

3 3. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы