О внесении изменения в решение областного маслихата (ХХХIV сессия, V созыв) от 20 августа 2014 года № 287/34 «О дополнительном предоставлении лекарственных средств при амбулаторном лечении»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение областного маслихата (ХХХIV сессия, V созыв) от 20 августа 2014 года № 287/34 «О дополнительном предоставлении лекарственных средств при амбулаторном лечении»
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мәслихаттың (V сайланған ХХХIV сессиясы) 2014 жылғы 20 тамыздағы «Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы» № 287/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26/2
- Қабылданған күні
- 15.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2018 101948_332530.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0005109
- ЭКБ идентификаторы
- 101948
- Редакция идентификаторы
- 101948_332530
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:35
0 Облыстық мәслихаттың
(V сайланған ХХХIV сессиясы)
2014 жылғы 20 тамыздағы
«Амбулаториялық емделу кезінде
дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну
туралы» № 287/34 шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Облыстық мәслихаттың (V сайланған ХХХIV сессиясы) 2014 жылғы 20 тамыздағы «Амбулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмектерді қосымша ұсыну туралы» № 287/34 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекттік тіркеу тізілімінде № 4020 болып тіркелген және 2014 жылғы 16 қыркүйекте «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-ші тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтардың жеке санаттарына амбулаториялық емделу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін дәрі-дәрмек құралдары, бейімделген емдік өнімдері қосымша ұсынылатын болсын:
эпилепсия ауруына шалдыққандар үшін - «Кеппра» (Леветирацетам) препараты;
«муковисцидоз ауруына шалдыққандар үшін - «Колистин» (Колистиметат), «Тоби» (Тобрамицин) препараты, «Нутрикомп дринк плюс» мамандандырылған емдік тағамы;
алғашқы иммунодефицит ауруына шалдыққандар үшін – «Имукин» интерферон гамма-1 рекомбинанттық препараты».».