О внесении изменений и дополнений в решение IX сессии Петропавловского городского маслихата от 15 марта 2001 года № 8 "О правилах содержания домашних собак и кошек в городе Петропавловске"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение IX сессии Петропавловского городского маслихата от 15 марта 2001 года № 8 "О правилах содержания домашних собак и кошек в городе Петропавловске"
- Атауы (қаз.)
- "Петропавл қаласында үй иттері мен мысықтарын ұстау ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихаты IX сессиясының 2001 жылғы 15 наурыздағы № 8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 26.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2012 59871_176591.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11SA000200
- ЭКБ идентификаторы
- 59871
- Редакция идентификаторы
- 59871_176591
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:54
0 "Петропавл қаласында үй иттері мен мысықтарын ұстау ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихаты IX сессиясының 2001 жылғы 15 наурыздағы № 8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 аңтардағы № 155 кодексі 3-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Петропавл қаласында үй иттері мен мысықтарды бағып қағу ережелері туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2001 жылдың 15 наурыздағы IX сессиясының № 8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеуі тізілімінде № 277 тіркелген, 2001 жылдың 10 сәуірдегі № 12 «Добрый вечер» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
үй иттері мен мысықтарын ұстау ережесінің 1.9-тармағынан «аулауға жатады» фразасы шығарылсын, «қаланың басқа да ұйымдары» сөздерінен кейін «қараусыз деп саналады және міндетті аулауға жатады» сөздерімен толықтырылсын;
үй иттері мен мысықтарын ұстау ережесінің 1-тарауы мынадай мазмұндағы 1.10–тармағымен толықтырылсын:
«1.10 Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулаудың тәртібі мен талаптары реттелген, бағалық ұсыныс сұрау тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізу арқылы жергілікті атқарушы органмен шарт жасаған мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылады. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын жұмыскерлер қызметінің техникалық қамтамасыз етілуі аулауды жүзеге асыратын ұйымға жүктеледі» 1.10-тармағымен толықтырылсын.