О реорганизации акционерного общества "Республиканский центр космической связи" и акционерного общества "Управляющая компания "Kазсат"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации акционерного общества "Республиканский центр космической связи" и акционерного общества "Управляющая компания "Kазсат"
- Атауы (қаз.)
- "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамын және "Қазсат" басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1557
- Қабылданған күні
- 06.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI69573_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001557
- ЭКБ идентификаторы
- 69573
- Редакция идентификаторы
- AI69573_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:35
0 "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамын және "Қазсат" басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы оған «Қазсат» басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1557 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-128-жол алынып тасталсын.
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 282-3-жол алынып тасталсын.