О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Казахстанское агентство международного развития «KazAID»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Казахстанское агентство международного развития «KazAID»
- Атауы (қаз.)
- «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 861
- Қабылданған күні
- 15.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2020 150049_499111.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000861
- ЭКБ идентификаторы
- 150049
- Редакция идентификаторы
- 150049_499111
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:00
0 «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі»
коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
«Дамуға ресми көмек туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.
2 2. Қоғам дамуға ресми көмек саласындағы оператор ретінде айқындасын, оның негізгі қызмет түрі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дамуға ресми көмек көрсетуге жәрдемдесу болып табылады.
3 3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) теңгеріміндегі республикалық мүліктің акцияларын төлеуге беру есебінен қалыптастырылсын.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Министрлікпен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) қоғам жарғысын бекітуді;
2 2) мемлекеттік тіркеу үшін қоғамның атынан құжаттарға қол қоюға, қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және қоғам органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында оның мүддесін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;
3 3) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4 4) Министрлікке қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;
5 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі республикалық мүліктің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 861 қаулысына
қосымша
«KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі республикалық мүліктің
тізбесі
Р/с №
Мүліктің атауы
Орналасқан жері
Өлшем бірлігі
Алаңы
Кадастрлық нөмірі
1
2
3
4
5
6
1
Дипломатиялық өкілдіктер кеңсесі ғимараты
3-блогының
4-кіреберісі
Нұр-Сұлтан қ.,
Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 28
шаршы метр
941,3
21:320:072:509:28/А
_______________________
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 861 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., №13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-200-жолмен толықтырылсын:
«21-200. «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 239-5-жолмен толықтырылсын:
«239-5. «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».
3 3. «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 61-28), 61-29), 61-30), 61-31), 61-32), 61-33), 61-34), 61-35), 61-36) және 61-37) тармақшалармен толықтырсын:
«61-28) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында дамуға ресми көмек іс-шараларының жоспарын әзірлейді және бекітеді;
61-29) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимылының тәртібін бекітеді;
61-30) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
61-31) дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын әзірлейді және бекітеді;
61-32) мемлекеттік органдардың, оператордың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіреді;
61-33) дамуға ресми көмекті есепке алуды және талдауды жүзеге асырады;
61-34) халықаралық ұйымдарға дамуға ресми көмекке арналған ерікті жарналарды төлеу жоспарын бекітеді және оны іске асыруды жүзеге асырады;
61-35) Қазақстан Республикасының Үкіметіне дамуға ресми көмектің іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
61-36) оператордың дамуға ресми көмек үшін бөлінген бюджет қаражатын пайдалану саласындағы қызметіне мониторингті жүзеге асырады;
61-37) дамуға ресми көмек жобаларының іске асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;»;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:
«5. «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».
_____________________