О некоторых вопросах акционерного общества «Национальная компания «KAZAKH INVEST»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества «Национальная компания «KAZAKH INVEST»
- Атауы (қаз.)
- «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 385
- Қабылданған күні
- 22.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2022 86574_571930.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1500001000
- ЭКБ идентификаторы
- 86574
- Редакция идентификаторы
- 86574_571930
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:42
0 «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 49% мөлшеріндегі мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 385 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1
2 2. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)».
3 3. «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 27-қосымшада:
2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінде:
реттік нөмірі 89-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
89
Халықаралық деңгейдегі мамандарды тарта отырып инвестицияларды тарту тетігін жетілдіру және инвестициялық имиджді ілгерілету жөнінде ұсынымдар әзiрлеу бойынша қызметтер
Табысты мемлекеттік реформаларды іске асыруда практикалық тәжірибесі бар халықаралық компанияны тарту арқылы инвестицияларды тарту тетігін жетілдіру және инвестициялық имиджді ілгерілету
жөнінде ұсынымдар әзiрлеу
Қазақстан Республикасы ның Инвестиция
лар және даму министрлігі
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ
204 «Инвестиция
ларды тарту үшін жағдайлар жасау»
100 «Қазақстан Республика сына инвестицияларды тартуға
жәрдемдесу»
339 556
».