Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Kazakhstan Westerfield Mining»

Қаулы · № 84 · қабылданған 23.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/kazakhstan-westerfield-mining-ekb-228263/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Kazakhstan Westerfield Mining» Қолданыста 23.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Kazakhstan Westerfield Mining»

Қолданыста Қаулы № 84 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Kazakhstan Westerfield Mining»
Атауы (қаз.)
«Kazakhstan Westerfield Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
84
Қабылданған күні
23.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
11.08.2026
Көрсетілген редакция
23.07.2026 228263_832830.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26NP00084A
ЭКБ идентификаторы
228263
Редакция идентификаторы
228263_832830
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:45
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Kazakhstan Westerfield Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы, 4-тармағының 10) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Kazakhstan Westerfield Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2032 жылғы 12 мамырға дейін Қостанай облысы Науырзым ауданының аумағында орналасқан «Северо-Уркаческое» кен орны шегіндегі жер учаскесіне 2026 жылғы 12 мамырдағы № 4377-EL лицензиясы негізінде, (блок M-41-19-(10g-5g-4), M-41-19-(10g-5g-7), M-41-19-(10g-5g-8), M-41-19-(10g-5g-9), M-41-19-(10g-5g-11), M-41-19-(10g-5g-12), M-41-19-(10g-5g-13), M-41-19-(10g-5g-15), M-41-19-(10g-5g-20) жоғарыда аталған блок шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық барлау жұмыстарын дұрыс жоспарлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

2. «Науырзым ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін

2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің орынбасары М.С. Мырзабековке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі