Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Kazakhstan Westerfield Mining»

Қаулы · № 146 · қабылданған 28.07.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/kazakhstan-westerfield-mining-ekb-228404/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Kazakhstan Westerfield Mining» Күшіне енбеген Қаулы ·№ 146 ·28.07.2026
28.07.2026 редакциясы
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 16.08.2026.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Kazakhstan Westerfield Mining»

Күшіне енбеген Қаулы ·№ 146 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Kazakhstan Westerfield Mining»
Атауы (қаз.)
«Kazakhstan Westerfield Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
146
Қабылданған күні
28.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
16.08.2026
Көрсетілген редакция
28.07.2026 228404_833559.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26NR00146A
ЭКБ идентификаторы
228404
Редакция идентификаторы
228404_833559
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
11.08.2026 03:34

0 «Kazakhstan Westerfield Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 7-1) тармақшасына, 71-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Kazakhstan Westerfield Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округінің аумағында орналасқан алаңы 200,9361 гектар жер учаскесіне 6 жылға мерзімімен қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберілуін;

2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жарияланғанынан кейін оның Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Kazakhstan Westerfield Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы» Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «____» ________________ №_____ қаулысына келісу парағы
Әкімдік мүшелері:
________________ Е. Ибраев
________________ В. Ересько
«Бейімбет Майлин ауданы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
(ММ) заң қызметінің басшысы
_______________ В. Бермұхамбетова
КЕЛІСІЛДІ
«Бейімбет Майлин ауданы
әкімдігінің жер қатынастары
бөлімі» ММ басшысы
_______________ Ж. Ысқақов

Қолданыстағы