О некоторых вопросах акционерного общества "Национальное агентство по экспорту и инвестициям "KAZNEX INVEST"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества "Национальное агентство по экспорту и инвестициям "KAZNEX INVEST"
- Атауы (қаз.)
- "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1240
- Қабылданған күні
- 24.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2014 AI55581_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1000001240
- ЭКБ идентификаторы
- 55581
- Редакция идентификаторы
- AI55581_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:53
0 "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің елу пайызын иелену және пайдалану құқығын;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің елу пайызын иелену және пайдалану құқығын берсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 237-33-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 291-2-жолмен толықтырылсын:
«291-2. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы»;
мынадай мазмұндағы «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне» деген бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне
292-3. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы»;
2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен;
3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1240 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы