О некоторых вопросах акционерного общества "Национальное агентство по экспорту и инвестициям "KAZNEX INVEST"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества "Национальное агентство по экспорту и инвестициям "KAZNEX INVEST"
- Атауы (қаз.)
- "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1240
- Қабылданған күні
- 24.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2014 AI55581_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1000001240
- ЭКБ идентификаторы
- 55581
- Редакция идентификаторы
- AI55581_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:53
0 "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің елу пайызын иелену және пайдалану құқығын;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің елу пайызын иелену және пайдалану құқығын берсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 237-33-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 291-2-жолмен толықтырылсын:
«291-2. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы»;
мынадай мазмұндағы «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне» деген бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне
292-3. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы»;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен;
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1240 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы