О реорганизации акционерного общества "Национальные информационные технологии" и акционерного общества "Национальная компания "Kazsatnet"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации акционерного общества "Национальные информационные технологии" и акционерного общества "Национальная компания "Kazsatnet"
- Атауы (қаз.)
- "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамын және "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 696
- Қабылданған күні
- 11.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2023 107530_682315.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000696
- ЭКБ идентификаторы
- 107530
- Редакция идентификаторы
- 107530_682315
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:18
0 «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамын және «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 180-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы оған «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және ұйымдық-техникалық қолдау «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3 3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5 5. «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 746 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріcтер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 696 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріcтер
1 1. «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын акционерлік қоғамын құру құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысында:
3-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын.
2
3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4 4. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 377-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесінде:
«4. Көлік және байланыс» деген бөлімде:
реттік нөмірі 43-жол алып тасталсын.
5 5. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
«Ұлттық компаниялар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 17-жол алып тасталсын.