Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
105-бап. Сайлау комиссиясы (жалпыхалықтық референдум комиссиясы) мүшесiнiң құқықтарын бұзу
Сайлау комиссиясы (
жалпыхалықтық референдум комиссиясы) мүшесiнiң сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеу, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу және олар бойынша дауыс берілуін талап ету, өзі құрамына кіретін сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысу, олардың куәландырылған көшірмелерін алу, төмен тұрған сайлау комиссиясының қызметін тексеруді жүзеге асыру құқықтарын бұзу –
отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-105/