Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

106-бап. Азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

Сайлау комиссиясы (жалпыхалықтық референдум комиссиясы) мүшесiнiң азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен (жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiмен) танысу құқығын бұзуы не өтінішті сайлау комиссиясына келіп түскен күні қарамауы не сайлаушылар тiзiмiне (жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiне) түзетулер енгiзу туралы өтінішті қабылдамау уәждерін жазбаша нысанда баяндай отырып, азаматқа шешімнің көшірмесін беруден бас тартуы не сайлаушылар тiзiмiн (жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiн) түзету туралы сот шешiмiн дереу орындамауы – ескерту жасауға немесе отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-106/