Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
107-бап. Сайлаушылар (жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар) тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы жалған мәліметтер ұсыну
1. Лауазымды адамдардың жергiлiктi атқарушы органдарға сайлаушылар (жалпыхалықтық
референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар) тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы жалған мәліметтерді ұсынуы –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдар лауазымды адамдарының тиiстi сайлау комиссиясына сайлаушылардың (жалпыхалықтық
референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың) анық емес тізімін ұсынуы –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-107/