Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

153-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк

Об административных правонарушениях · № 235

Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не iрi мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетiн тауарларды едәуiр мөлшерде өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткiзумен ұштасқан болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – келтiрiлген залал сомасының, алынған кіріс сомасының және заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құнының – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескертпелер.
1. Осы Кодекстiң 153 және 155-баптарында азаматқа екі мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал – iрi залал деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 153 және 155-баптарында сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын кіріс – iрi мөлшердегi кіріс деп танылады.
3. Осы бапта құны екi мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын тауарлар саны – едәуiр мөлшер деп танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-153/