Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

154-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы

Об административных правонарушениях · № 235

Қазақстан Республикасының заңдарында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы – әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. ҚР Конституциялық Сотының 13.06.2023 № 19 нормативтік қаулысымен 154-бабы Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағына мынадай түсіндірмеде сәйкес келеді деп танылды: «осы бапта көзделген әрекетті жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда туындайды.»
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-154/