Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

155-бап. Заңсыз банктік қызмет

Об административных правонарушениях · № 235

Азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрген не iрi мөлшерде кіріс алумен ұштасқан, банктік қызметті (банк операцияларын) тiркеусіз немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда мұндай арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асыру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – жеке тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – келтірілген залал сомасының, заңсыз қызмет нәтижесінде алынған кіріс сомасының – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-155/