Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

163-1-бап. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторларының сатып алудың өнім берушілерінің, сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруі

Об административных правонарушениях · № 235

1. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторларының сатып алудың өнім берушілерінің және сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруі, егер мұндай әрекет бәсекелестiкке жол бермеуге, оны шектеуге немесе жоюға алып келсе немесе алып келуі мүмкін болса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – лауазымды адамдарға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-163-1/