Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

164-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларында, цифрландыру және байланыс саласында, азаматтық авиация саласында, су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдарға белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті және хабарламаны бермеуі, сол сияқты белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті және хабарламаны белгіленген мерзімдерін бұза отырып беруі – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер (әрекетсіздік) – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз сексен, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың уәкілетті орган мен су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органға табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішті және құжаттарды (ақпаратты) ұсынбауы – әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополиялар салаларында, цифрландыру және байланыс саласында, азаматтық авиация саласында, су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдарға белгіленген нысандардағы ақпарат, есеп және хабарлама беру міндетін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік) – заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп табиғи монополия субъектісі алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде табиғи монополия субъектісі алуға тиіс кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-164/