Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді уақтылы немесе толық төлемеу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді уақтылы төлемеу – ескерту жасауға алып келеді.
2. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық төлемеу – жеке тұлғаларға – орындалмаған міндеттеме сомасының он пайызы, бірақ кемінде бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған міндеттеме сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – орындалмаған міндеттеме сомасының елу пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне орындалмаған міндеттеме сомасының бір жүз пайызы, бірақ кемінде елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жеке тұлғаларға – орындалмаған міндеттеме сомасының он пайызы, бірақ кемінде бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған міндеттеме сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – орындалмаған міндеттеме сомасының елу пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне орындалмаған міндеттеме сомасының бір жүз пайызы, бірақ кемінде елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-205/