Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

206-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан бас тарту

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту – ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген және барлық төлем түрлері бойынша қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескертпелер.
1. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта банкноттары мен монеталары мынадай жағдайларда:
1) егер қолдан жасаудың анық белгілері болса;
2) егер банкноттар мен монеталар төлем жасалмайтын болып табылса, заңды төлем құралы болып табылмайды.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері (банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Ұлттық пошта операторын қоспағанда), коммерциялық емес ұйымдар тозған және ақаулы (бүлінген) банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тартқаны үшін осы бапта көзделген жауаптылықта болмайды.
3. Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, заңды төлем құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тартқаны үшін осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-206/