Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

317-1-бап. Аккредиттелген заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалау және жобаны басқару) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізу және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау) жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Құрамында аттестатталған сарапшылары бар заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалауды және жобаны басқаруды) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізуді және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жүзеге асыруы, оның ішінде:
1) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуі;
2) тұрғызылатын не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптаманың (сараптамалық бағаның) оң қорытындысын беру;
3) орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысындағы бұзушылық;
4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беру;
5) аккредиттелген заңды тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі – заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-317-1/