Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

317-2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау – заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-317-2/