Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
323-1-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасын бұзу
1.
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, құрылыс қызметін жүзеге асыруға, оның ішінде құрылыс сапасына әсер ететін, өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
лауазымды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-323-1/