Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
323-бап. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, белгiленген тәртiппен пайдалануға берілмеген объектiлер мен кешендердi пайдалану
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiппен пайдалануға берілмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, кіріс алу мақсатында қызметтер көрсету, өнiм өндiру) -
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-323/