Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

332-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде жүргізу туралы талаптарын орындамау

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде жүргізу туралы талаптарын орындамау немесе мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтпеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру – жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында қамтылған талаптарды орындамау – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-332/