Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
333-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін көлiк құралдарын және басқа да жылжымалы құралдарды шығару
1. Техникалық регламенттерде көзделген жағдайларды қоспағанда, шығарындыларында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомобильдердi, ұшақтарды, кемелердi және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
қызметтi тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-333/