Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
334-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болу нормативтерінен (техникалық нормативтерден) асыра отырып, автомотокөлiк құралдары мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану
1. Шығарындыларда ластағыш заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден (техникалық нормативтерден) асатын автомотокөлiк құралдарын және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалану –
жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-334/