Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
360-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметті заңсыз жүзеге асыру
1. Ғимараттарды, құрылысжайларды және басқа да объектілерді жерүсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде заңсыз салу, су объектісінің шекараларын заңсыз өзгерту –
заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып, жеке тұлғаларға –
бір жүз жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға –
екі жүз жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
төрт жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне
бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жерасты суларын алу үшін ұңғымаларды заңсыз бұрғылау және жерасты суларының су тарту құрылысжайларын заңсыз салу–
жеке тұлғаларға –
алпыс, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға –
екі жүз қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
үш жүз отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне
тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, орман өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізуге арналған құжаттардың жобаларын келісу шарттарын бұзу –
жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-360/