Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

359-1-бап. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде инженерлік-техникалық қамтамасыз ету объектілерінің техникалық жай-күйін зерттеп-қарауды жүргізбеу немесе тиісінше жүргізбеу, сондай-ақ оны жүргізу мерзімдерін бұзу – жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін гидротехникалық құрылысжайларды көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізбеу немесе тиісінше жүргізбеу, сондай-ақ оны жүргізу мерзімдерін бұзу – жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Гидротехникалық құрылысжайларды гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясынсыз пайдалану – жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-359-1/