Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

385-бап. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын:
1) аңшылық алқаптарда болуды заңсыз шектеу;
2) аң аулаудың тыйым салынған түрлерін, тәсілдерін және мерзімдерін қолдану;
3) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесін қорғауды, молайтуды және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде үш және одан да көп рет қайталап жасалған әрекет, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аңшылық шаруашылық жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-385/