Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
386-бап. Жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу
Осы Кодекстің 381-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда,
астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар
қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейтін жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-386/