Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

415-1-бап. Техникалық регламенттерде, нормативтік құқықтық актілерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген аккредиттеу, сәйкестікті растау және (немесе) бағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру рәсімдері жүргізілу кезінде Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Техникалық регламенттерде, нормативтік құқықтық актілерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген аккредиттеу, сәйкестікті растау және (немесе) бағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру рәсімдері жүргізілу кезінде Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын:
1) сәйкестікті растау және (немесе) бағалау рәсімдерін, өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу қағидаларын бұзу;
2) сәйкестікті растау және (немесе) бағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу кезіндегі сынақтар нәтижелерінің анық еместігі;
3) міндетті рәсімдерді жүргізбей, сәйкестікті растайтын құжаттарды беру және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификат беру;
4) аккредиттелмеген заңды тұлғалардың өлшем құралдарын салыстырып тексеруі, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауы;
5) аккредиттеу субъектілерінің калибрлеуден немесе салыстырып тексеруден өтпеген шама бірліктерінің эталондарын қолдануы;
6) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бұзу түрінде жасалған бұзушылық – аккредиттеу аттестатын және сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын, өлшем құралдарын салыстырып тексерушінің сертификатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – тоқсан, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – аккредиттеу аттестатынан және сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатынан, өлшем құралдарын салыстырып тексерушінің сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз отыз бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-415-1/