Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
416-бап. Өнімнің жекелеген түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу
Субъектінің тамақ өнімдерінің, химиялық өнімнің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы
заңдарда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезден бастап өнімнің өмірлік циклі процестерін жүзеге асыруды тоқтатпауы –
қызметті тоқтата тұрып немесе онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – бір жүз алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
Осы бапқа қатысты тамақ өнімдерінің, химиялық өнімнің, машиналар мен жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы
заңдарға сәйкес өнім қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар субъектілер деп танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-416/