Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
417-бап. Тауар шығарылған елді айқындау тәртібін бұзу
2. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас тарту –
тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі қағидалар бұзыла отырып уәкілетті ұйымның тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруі –
тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу үшiн сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын бұрмаланған және (немесе) анық емес құжаттарды ұсыну –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілеттік берілген ұйымға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-417/