Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

453-бап. Масс-медиа өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдарды қамтитын масс-медиа өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау – масс-медиа өнiмi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығыстарды, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, этностық, дiни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәлiметтер мен материалдар қамтылған масс-медиа өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – масс-медиа өнiмi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – масс-медиа өнiмi тәркiлене отырып, телевизиялық бағдарламаларды және (немесе) радиохабарларының таратылуын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдар қамтылған, масс-медиаға жатпайтын өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – өнім тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – телевизиялық хабарларды және (немесе) радиохабарларының таратылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-453/