Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
454-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының, теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеудiң, сақтаудың мiндеттi тегiн даналарын беру тәртiбiн бұзу
1. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының, сондай-ақ теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеу мен сақтаудың мiндеттi тегiн даналарын бермеу –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-454/