Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
461-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу
1. Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу
– он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жиырма тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған, осы баптың
бірінші және 1-1-бөліктерінде
көзделген әрекет
– отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-461/