Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

460-2-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетел азаматтарынан, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын тұлғалардың материалдарды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру тәртібін бұзуы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Шет мемлекеттермен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен, шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ адам дармен қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау туралы жасалған шарттар негізінде, тапсырыс берген тұлғалар және осы жарияланымды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру қандай қаражаттан төленгені туралы мәліметтерді қамтымайтын материалдарды жариялау, тарату немесе орналастыру – ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-460-2/