Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
470-бап. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау және (немесе) тиісінше орындамау;
2) шетелдік заңды тұлғаларға, шетел қатысатын заңды тұлғаларға,
шетел азаматтарына сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға күзет қызметінің барлық түрін жүзеге асыру; жеке күзет ұйымдарын құру немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болу; сенімгерлік басқаруында жеке күзет ұйымы болу құқықтарын беру;
3) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымына "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
4 және 6-тармақтарының талаптарына сай келмейтін адамдарды қабылдау;
4) күзетшіні өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оның жеке басын және жеке күзет ұйымына тиесілі екенін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжатпен және нысанды киіммен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау;
5) "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының7-1-бабында көзделген шектеулерді сақтамау;
6) жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымын атқаратын жұмыскерлердi даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Жеке күзет ұйымдарында күзетші қызметінде жұмыс істейтін жұмыскерлердің дайындалып жатқан не жасалған қылмыстар туралы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, не аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар күзетілетін объектілерден күзет дабылының қосылғаны туралы өздеріне белгілі болған фактілерді жасыруы, сол сияқты ішкі істер органдарын хабардар етпеуі –
жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
2. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау –
қызметіне тыйым сала отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-470/