Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

471-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi мемлекеттік органдардың бюджетке аударуына жататын салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің сомаларын осы бөлiкте көрсетiлген органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы - лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мәлiметтердi жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы - лауазымды адамдарға, нотариустарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың салықтық бақылау нәтижелері бойынша анықталған және бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарды орындамауы – лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – лауазымды адамдарға, нотариустарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескерту. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының осы бапта пайдаланылатын ұғымы мен терминдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында пайдаланылатындай мағынада ғана қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-471/