Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
484-бап. Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу
1. Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
лицензияның және (немесе) рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
лицензиядан және (немесе) рұқсаттан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін қару айналымы деп қаруды, оның ішінде оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондарын өндіру, құрастыру, жөндеу, қайта жасау, өткізу (сауда), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу түсініледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-484/