Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

485-бап. Қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – қару тәркiлене отырып және қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттан айыра отырып, қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. Ескертпе. Осы бапқа және осы Кодекстің 482-бабына сәйкес тәркіленген, одан әрі пайдалануға жарамсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару ретінде айналымына тыйым салынған қару осы Кодекстің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-485/