Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
495-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну
1. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсынуы –
Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-495/