Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
496-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы –
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімнен асып кеткен мерзімде хабарлау –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге алып келеді.
3. Мемлекеттік қызметтегі адамдар, сондай-ақ билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінде ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жасаған осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер –
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-496/