Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

521-бап. Кедендік бақылау аймағының режимiн бұзу

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

Кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың (кеден органдарынан басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың өткізілуі, сондай-ақ осы аймақта мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз өндірістік және өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру – жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.