Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

522-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

Кеден өкілінің, меншікті тауарларды сақтау қоймасын, уақытша сақтау қоймасын, еркін қойманы немесе кеден қоймасын, бажсыз сауда дүкенін иеленушілердің «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес осындай қызметті жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, кеден қоймасын немесе еркін қойманы, бажсыз сауда дүкенін құруға арналған үй-жайлардың немесе аумақтардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.