Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

523-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде көлік құралында мемлекеттік кіріс органының осы көлік құралы тұрған жерді анықтауына мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болмауы не оның жарамсыз болуы – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.